Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық орталық мешітінде жиын өтті. Жиыналысқа аудан көлеміндегі ауылдық мешіттердің имамдары аудандық орталық мешіттің қызметкерлері қатысты.
Жиында ауыл мешіттерінің оразаға дайындығы пысықталды. Сонымен қатар бес бағыт бойынша берілген тапсырмалар және насихат шарасын жүйелі жүргізу, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру қатарлы келелі мәселелер талқыланды.
Күршім аудандық мешітінің бас имамы Тілейбек Соянұлы: «Аудан бойынша мешіттердің Рамазан айына әзірлігі толықтай тексерілді. Алдағы уақытта ҚМДБ дан және өкілдіктен берілген жаңа бес бағыт бойынша тапсырмаларды жүйелі орындауымыз керек» деп атап өтті.
Ол сонымен қатар дін қзыметкерлеріне өз қызметтеріне аса жауапаты қарап, халықтың сауалдарына жауап беру шарасына мұқият болуды тапсырды. Жиында ауыл имамдарынан бірқатар ұсыныстар айтылды.
Басқосуда имамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі