wrapper

ҚМДБ-ның бастамасымен жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» атты семинар болып өтті.

Шараға ҚМДБ-ның ШҚО бойынша бас имамы Ермек Қасболатұлы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары, студенттер, мешіт жамағаттары, жастар және бірнеше қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚМДБ ШҚО имамы Ермек Қасболатұлы: «Ұлттың ұлағаты тәрбиеден бастау алады. Қоғамдағы ізгілік пен мейірімділік қасиет тек тәрбиемен ғана орнығады. Тәрбиенің қайнары-аналарымызда. Біз «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтап, болашақ ұрпаққа ұлағатты өнеге негіздерін қалдыруымыз керек. Бұл бағытта әсіресе жастар тәрбиесіне бағытталған нақты іс-жоспарларымыз бар. Бүгінгі шара соның бір парасы» деп атап өтіп, бүгінгі жиынның көтеретін мәселесіне кең көлемде тоқталып өтті.

Жиында сөз алғандар осы маңыздылығын айта келе, ұлтымыз тарихындағы абзал аналарымыздың ғибратты ғұмырына тоқталып, осындай игі істердің бүгінгі таңда аса маңызды екендігін жеткізді.

Іс-шараны ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің Ихсан бағытына жауапты маман М.Досанов қорытынды сөз сөйлеп, ұлт тарихындағы ардақты аналардың өмір жолынан деректер айтып берді.

Семинарға қатысушылар білімді ұрпақ өсірудегі кемел тәрбиенің маңызы жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk