Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы жүріліп жатыр.
Бұл туралы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы:«Исламда білім алудың маңызын ерекше атап көрсеткен. Жас жеткіншектер сендерді ата-аналарың имани тәлім, рухани білім алсын деп жазғы сауат ашу курсына әкеп отыр. Сондықтан ұстаздарды мұқият тыңдап, оқуға ынталы болуларың керек» деп атап өтіп, оқу бағдарламасына тоқталды.
Қазіргі таңда «Мұса баба» мешітінде 36 жеткіншек білім алып жатыр. Жас айырмашылығына қарай бөлінген оларға дәріс берілуде.
Жазғы сауат ашу курсы 1 айға жуық уақыт жалғасады деп жоспарланып отыр.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі