wrapper

«Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттер Өскемен қаласындағы этно-саябақты аралап тамашалады.

Саябақта орналасқан әр замандардан сыр шертетін елімізді мекендеп жатқан әр ұлттың баспаналары шәкірттерге көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар олар осы саябақтағы жаунуарлар дүниесі хайуанаттар бағын аралап, қызықты әсерге бөленді.

Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы: «Сауат ашу курсында білім алумен қатар осындай танымдық, айналаны аялау қатарлы жобалар бар. Бұл шаралар өзіміз тұрып жатқан қаланы тануға және өзара татулықты арттыруға әсер етеді» деп атап өтті.

Этносаяжай шәкірттерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

ШығысҚазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Image Gallery

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk