wrapper

«Ислам және ізгі қоғам» жылында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешіті шәкірттер арасында «Құран-ізгілік нұры» атты аудандық Құран жарысын өткізді.

Бәсекеге 30-ға жауық мешіт шәкірттері қатысты. Сайыс «Мұса баба» мешітінде болып өтті. Сайысқа облыстық және қалалық мешіттің имамдары қазылық жасады. Сайысқа қатысушы мешіт шәкірттер Құранды жүзінен оқу, тәжуид ережелері, үзінділер оқу қатарлы талаптар бойынша сынға түсті.

Қатысушылар қасиетті Құранда бар нақышымен оқып, өздерінің осы сайысқа аса тыңғылықты дайындалғандықтарын көрсетті.

«Бұл жарыс мешіт шәкірттері арасынан Құран оқудың шеберлерін анықтаған жоғарғы деңгейлі бәсеке болды. Сайысқа олар аса ынталы қатысты. Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған шәкірттерге алғыс білдіреміз» деп атап өтті , шараны ұйымдастырушы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, Құран жаттаушы шәкірттердің мерейін асырды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk