wrapper

ЖАНТ кездесулерінің аясында Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық орталық мешітінің» бас имамы Тілейбек Соянұлы Күрші ауданы орталығында орналасқан әскери бөлімінде болып, сарбаздармен кездесу жасады.

Алқалы жиында аудан имамы отан қорғаудың маңызы жайлы тағылым айтты. Т. Соянұлы өз сөзінде отан қорғау, ел шекарасын күзетудің исламда қастерлі борыш ретінде бағаланатындығын айта келе, «Бабаларымыз жауынгер халық болған. Қазақ халқы ат жалында сан ғасырлар бойы өз жерін қорғап, ұрпаққа аманат етті. Асыл дінімізде отан шекарасын күзеткен сарбаздарға зор сауап жазылады делінген» деп атап өтіп, нақты мысалдармен танымдық насихат айтты.

Аудан имамы сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Әскери бөлім бастығы танымдық әңгімесі үшін аудан имамына алғыс айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Image Gallery

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk