Жаңа оқу жылы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Мұхамади» мешіті «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын жасады. Бұл игі шараға Өскемен қаласында тұратын 20 мұқтаж отбасылардың балалары қамтылды.
Қайырымдылық шарасы туралы осы мешіттің наиб имамы Дубек Құсанйынов: «Білім алудың маңызы Исламда ерекше айтылған. Сонықтан мектепке жол акциясына үлес қосып отырмыз. Барныша қолдау жасап, аз қамтылған отбасыларды қолдаудың маңызы ерекше» деп атап өтті. Қайырымдылық шарасы барысында 20 оқушыға киім–кешек және оқу-құралдар берілді.
Көмекке ие болған отбасылар «Мұхамади» мешітіне алғыс айтты.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі