wrapper

ҚМДБ-дан жарияланған «Ислам эәне ізгі қоғам» жылында Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мешіті әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» атты акциясын ұйымдастырды. Шара аясында 30-дан астам оқушыға оқу-құралдың көмегі көрсетілді.

Ауданның бас имамы Тілейбек Соянұлы жиналған ата-аналар алдында жыл сайын өтіп келе жатқан дәсүрлі шараға аудандық мешітте қалыс қалмай әркез қатысып келе жатқандығын айта келе: «Қайырымдылық деген ең сауапты іс. Бүгінде аудан бойынша мешіттеріміз тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем көрсету бойынша барынша игілікті істер атқаруда» деп атап өтіп, оқушыларға сабаққа қажетті құралдар ұсынды.

Ата-аналар қауымы да аудандық мешітке алғыстарын білдіріп, көмекті ықыласпен қабылдады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk