wrapper

ҚМДБ ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына сапары барысында аудан орталығы Зайсан қаласындағы қайырымдылық мекемесімен танысты.

Бас имам мекеменің жағдайымен таныса келе, «Шекара шебіндегі ауданда әрі халықаралық маңызды күре жолдың бойына осындай қайырымдылық мекемесінің кешені ашылғаны қуантарлық іс. Мұнда білімді, білікті рухани әлеуеті зор жастар трәбиеленіп шығады деп сенемін» деп атап өтіп, ұстаздармен пікірлесті.

Зайсан ауданының бас имамы Ахмадияр Теңлікбек мекеменің білім тәрбие жолындағы жұмысы стандартқа сай, ҚМДБ бағдарламасы негізінде болатындғыны айтып өтті.

Бас имам сонымен қатар қайырымдылық мекемесіндегі біліммен тәрбиенің сапасы аса маңызды екендігін ескертіп, басты назарда ұстауды тапсырды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Image Gallery

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk