wrapper

Ұлттық мереке-Республика күні және ҚМДБ-дан жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ШҚО өкілдігі «Ұлттық ойындарды дамытайық» атты апталық жариялады. Осы апталықтың барысында Шығыс Қазақстан облыстытық Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттары арасында «Садақ ату сайысы» жүрілді. Шара Өскемен қаласында жаңадан ашылған «KEREMET» садақ орталығында болып өтті.

Сайысқа өскемендік мешіт жамағаттары қатысып, мергендіктен сынға түсті. Сайыс аса тартымды өтті.

Шара туралы «Халифа Алтай» мешітінің қызметкері: «Садақ ату ежелден келе жатқан қазақтың ұлттық спорты. Діни басқармадан дәстүр бағытын дамытуға берілген жоспар аясында өкілдік дәстүрлі ойындарға насихаттауға айырықша маңыз беріп отыр» деп атап өтті.

Сайысқа қатысқан мергендер ортасынан озып шыққандар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтарға ие болды. Шараға өкілдік жанындағы «Уақып қоры» демеушілік жасап, сыйлықтар тағайындады.

Шығыс Қазақстан облыстық

"Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі

 


Image Gallery

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk