«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ШҚО өкілдігінің жоспарлы ЖАНТ кездесулерінің шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Защита» мешітінің бас имамы Біржан Қабылахметұлы Өскеменде әскери бөлімінде болып, әскери қызметкерлермен кездесу жасады.
Алқалы жиында ол отан қорғаудың маңызы жайлы тағылым айтты. Б.Қабылахметұлы өз сөзінде отан қорғау, ел шекарасын күзетудің исламда қастерлі борыш ретінде бағаланатындығын айта келе, «Бабаларымыз жауынгер болған. Қазақ халқы ат жалында сан ғасырлар бойы өз жерін қорғап, ұрпаққа аманат етті. Асыл дінімізде отан шекарасын күзеткен сарбаздарға зор сауап жазылады делінген» деп атап өтіп, нақты мысалдармен танымдық насихат айтты.
Қала имамы әскери қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Әскери бөлім бастығы танымдық әңгімесі үшін қалалық мешіттің имамына алғыс айтты.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі