ҚМДБ ШҚО өкілдігі жариялаған ЖАНТ кездесулерінің аясында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық «Защита» мешітінің бас имамы Біржан Қабылахметұлы Өскемен қаласында орналасқан Абай облысының мамандандырылған күзет қызыметі басқармасында кездесу жасады.
Жиынға ПО қызметкерлері қатысып, оларға профилактикалық жұмыс жүргізілді. Ол құқық қорғау мамандарына рухани тәрбие туралы насихат айтты.
Б.Қабылахметұлы: «Жат ағымдардан сақтану бағытында жеке діни сауаттылықтың болғаны маңызды. Себебі жалған діни ақпарат алу арқылы жат ағымдардың жетегінде кететіндер көп. Дәстүрлі Ислам бабаларымыздан мұра болған салт-дәстүрімізбен үйлесім тапқан, тәрбиелік құндылығы жоғары дін. Исламда әсіресе адамының ішкі рухани тәрбиесі немесе ихсанның орны ерекше. Рухани тәрбие қоғамда толыққанды тұлға болып қалыптасуға жол ашады» деп атап өтті.
Кездесу барысында Б.Қабылахметұлы негізгі білімнің рухани бағыты жайлы, яғни деструктивті діни ағымның ықпалына түспеуге,сондай-ақ, бүгінгі күнде интернет желісінде әр түрлі діни және эктремизмдік бағыттағы ақпараттармен бөлісуге болмайтыны жайлы ескертіп өтті.
Қатысушылар тағылымды насихатты зер сала тыңдады. «Защита» мешітінің бас имамына Абай облысының мамандандырылған күзет қызыметі басқармасы бастығы полиция полковнигі Е.Авкубаев атынан алғыс хат табысталды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі