ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар секторының» жылдық жоспарындағы шараларды пәрменді ұйымдастыру туралы Діни басқармадан өкілдіктерге арнайы тапсырма берген болатын.
Осы бағыт аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің «Әйелдер-қыздар бөлімі» «Жар таңдай білудің маңызы» аты ашық сабақ ұйымдастырды.
Шараға жиналған шәкірттерге жар сыйлау, отбасының беріктігі туралы, адалдық жайлы мешіттің ұстаздары тағылымды насихат айтты. Шәкірттерде өз ойларын ортаға салды.
«Отбасының бекем болуы, жар сыйлай білудің маңызы зор. Отбасы сыйластығы берік болса түрлі қателіктерге ұшырауға жол берілмейді. Бұл әсіресе енді ғана отбасын құрған жастарға аса маңызды» деп атап өтті , шараны ұйымдастырушылар.
Ашық сабақ ерекше форматта аса тартымды өтті. Шара алдағы уақытта да өңірдің барлық мешіттерінде жалғасын табады.
Шығыс Қазақсан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі