wrapper

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Діни басқарманың негізінде аудандық , ауылдық мешіттерге қайырымдылық шараларын жан-жақты өрістетіп, жәрдем жасау ісін әртүрлі форматта үздіксіз ұйымдастыруды тапсырған болатын. Бұл шаралар шығыс өңірде нәтижелі атқарылуда.

Осы тапсырмалар аясында «Зайсан аудандық мешіті» аудан бойынша «Қарттарға қамқор бол»  акциясын ұйымдастырды. Шара аясында Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов бастаған имамдар мен ұстаздар тобы қолғанаты жоқ, ауру-сырқау бірнеше қариялардың үйіне барып, көңілін сұрап, хал-жағдайымен танысты.

Сонымен қатар осындай бірнеше қарияның ауласының қарын күреп берді. Үйдің шатырына жинақталып қалған қарды тазартты.

«Қарияларға мүмкіндігінше көмектесуге тырысамыз. Өкілдіктен берген тапсырмаларды нәтижелі түрде орындау біздің міндетіміз. Біз осындай игі істерді алдағы уақытта да жалғастыра береміз» деп атап өтті, Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов.

 Үйлеріне келіп, бірнеше мәрте қайырымдылық жасаған, үнемі жағдайларын сұррап хабарласып тұратын  Зайсан аудандық мешіт имамдарына қарттарға да разы екендіктерін білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітнің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk