wrapper

Мінбеде ҚМДБ баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы мен Өкіл имам Ермек Мухатай. Өскемен. 28.02.2017.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймғы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығы Өскемен қаласында «Адамгершілік құндылықтарды насихатауда БАҚ-тың рөлі» атты I республикалық журналистер форумы сәтті жүріліп өтті деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.

Форумның басты мақсаты адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығымен діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу шарасын пәрменді жүргізу, сонымен қатар ҚМДБ-ның баспасөз хатшыларының жұмысын жан-жақты жетілдіруге бағытталды.

Алқалы басқосуға ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы мен Ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Әбдіхалық Мұрат және Азаматтық қоғам және Дін істері минстрлігінің  Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы, ғалым  Мұхан Исахан сонымен қатарДіни басқарманың облыстар бойынша баспасөз хатшылары, ШҚО дағы  журналистер, ғалымдар, діни бірлестік жетекшілері қатысты.

Форумды ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Касболатұлы ашып, жиынның мақсаты мен міндетіне тоқталды.

Ол өз сөзінде бүгінгі таңда адамгершілік құндылықтарды БАҚ арқылы насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. «Қазіргі таңда Елбасының жолдауындағы діни экстремизмді әлеуметтік желілірелде жарнамалаудың алдын алуға қоғамдық ұйымдар болып ат салысу керек деген тапсырмасы аясында біз бұл жиынды осы мақсатқа үн қосу бағытында ұйымдастырып отырмыз. Еліміздегі БАҚ тың алдына келелі міндет тұр. Қоғамда исламдағы зайырлылық пен адамгершіліктің асыл қасиеттерді насихаттауда басымдық бере отырып, бейбітшілікті сақтаудың маңызы зор» деп атап өтті ол, жиынның алғы сөзінде.

Форумға қатысушылар. Өскемен 28.02.2017

Ол сөз сөзін «Мәңгілік елдің тірегі-қазақ халқының бұрынғы заманнан бері келе жатқан мәңгілік құндылықтарын, оның ұлт болмысымен астасқан дәстүрлі дінін құрметтеп, дінді тек қана сенімдік ұғым емес, халықтың тарихы, мәдениеті, дүниетанымы, өмір сүру мәнері ретінде дәріптей отырып,

оның елдің ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтіндігін қорғаумен ұштасатынына жеткізе отырып, БАҚ арқылы адамгершілік құндылықтарды жиі насихаттауға шақырды.

Жиында ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы сындарлы баяндама жасады.

Ол: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен өтіп жатқан І республикалық журналистер форумы бүгінгі таңда біздің қоғам үшін өте маңызды іс-шара деп атар едім», дей келе,

«Дін дегеніміз нәзік мәселе емес пе? Оған байсалды көзқарас керек. Өкінішке қарай, біздің елдегі кейбір сайттар дін мәселесіне келгенде «мешітте аяқ киім ұрланды», «молда ақша сұрады», «мешіттен төбелес шықты» деген тақырыптардан аса алмауда. Зерттелмей, анығына көз жеткізбей таратылып жатқан осындай жаңалықтар Исламға, дін қызметкеріне деген салқын көзқарастың пайда болуына түрткі болуда» деп, діни насихат саласындағы бірқатар түйткілді мәселелерді талдап айтып берді. Діни ақпарат таратудың тың тәсілдерін ұсынды.

Жиында өзгеде діни бірлестік жетекшілер қатысып, олар дәстүрлі діндердің адамгершілік құндылықтары жайлы сөз қозғады.

Баяндамашы ғалым Елена Савчук БАҚ және дін тақырыбында салиқалы ойларға толы баяндамасында тың ойларға толы болды.

ҚР Азаматтық қоғам және Дін істері минстрлігінің  Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан қазіргі діни ахуал және БАҚ тағы насихат төңірегінде ойларын ортаға салды.

Мұхан Баймұратұлы адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың мағыздылығын айта келе : «Әдебиет деген сөздің төркіні әдеп деген сөзден шыққан. Бабаларымыз әдеп пенадамгершілікті әдебиет арқылы насихаттаған. Кеңес заманында да Ұлы Абайдың мұралары, діни көзқарасы әдебиет арқылы насихатталды» деп атап өтті.

ҚМДБ-ның Ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық

БАҚ өкілдерінің ғаламтормен жұмыс жасаудың тың тәсілдерінен ой өрбітті.

Басқосуда журналситер қауымы да адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы, діни терминдерді қолдану туралы маңызды мәселелерге байланысты өз ойларын ортаға салды.

Жиында адамгершілік құндылықтарды БАҚ-та жиі насихаттау, кері ағымдардың жарнамалаудың алдын алу сонымен бірге  діни журналистиканың өзекті мәселелері талқыланып, қарар қабылданады.

Форумның соңынан ақсалды қария бата беріп, еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін дұға жасады.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk