Print this page

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Защита» мешіті интеллектуальдық жарыс өткізді. Аталған іс-шара ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің бастамасымен жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында жасалды. Сайысқа қалалық мешіттердің жамағаттары қатысып, діни білімдерін сарапқа салды.

Іс-шараны өткізудің мақсаты туралы «Защита» мешітінің бас имамы Біржан Қабылахметұлы: «Жамағаттың діни білімін шыңдап, олардың ислами сауаттылығын арттыру басты маңызды мәселе. Біз дініміздегі қарапайым сұрақтарды қамтып осы сайысты өткізіп отырмыз. Жамағат белсенді қатысуда» деп айырықша атап өтті.

Сайыс аса қызықты жүрілді. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен сыйланды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Image Gallery