Print this page
Бейсенбі, 08 Шілде 2021 00:00

ШӘКІРТТЕР «ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ» МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Тарихқа тағзым» атты акция бастады. Бұл акция барысында жазғы демалыста «Халифа Алтай» мешітінде аймақ басшысының бастамасымен ашылған «Ислам мәдениеті» музейін оқушыларға таныстыру көзделіп отыр.

Осы акция аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің «Зере Ана» орталығының шәкірттері осы мешіттегі ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты. Оларды ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «әйел-қыздар» секторының ұстаздары қарсы алып, мұражайды аралатты.

Оқушыларға әр жәдігерден туралы толық түсінік берілді. Мешіт қызметкері: «Мұражайымызда Ислам тарихымен қатар сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін жәдігерлер бар» деп, осы жәдігерлердің ұлт тарихындағы орнына тоқталды.

Мұражайды аралаған шәкірттер ерекше әсер алды. Оқушылар Құранның және көне жазбалардың замануи электронды нұсқасымен танысты.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Read 42 times