«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

ШҚО: ИМАМДАР КОЛЛЕДЖ ТӘМАМДАДЫ ФОТО
Бейсенбі, 08 Шілде 2021 00:00

ШҚО: ИМАМДАР КОЛЛЕДЖ ТӘМАМДАДЫ ФОТО

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұсынысының негізінде Шығыс Қазақстан облысынң әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен 2018 жылы «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінен» исламтану мамандығы бөлімі ашылған болатын.

Бұл оқу орнына өңірдегі мешіттерде қвзмет атқаратын «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетін бітірген жоғары білімді ұстаздар дәріс берді.

Осы оқу орынында 3 жыл бойы білім алған діни қызметкерлердің диплом алу рәсімі болып өтті.

Шарада сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Өңірге қажетті діни саланың қызметкерлерін даярлау бағытында өкілдіктің ұсынысымен аймақ басшысының зор қолдауымен «Исламтану» бөлімі ашылып, маман даярлау ісіне зор серпін берді. Бүгінгі таңда «Исламтану» бөлімін 31 имам бітіріп шықты. Олар өз білімдерін шыңдады. Ендігі жерде олар өз қызметтерін жалғастыруымен қатар бірқатар түлектер имам жетіспей тұрған мешіттерге барады» деп атап өтіп, діни қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Бас имам сонымен қатар өңірді діни мамандармен қамтамасыз етудің өзектілігін айта келе, өкілдіктің ұсыгнысын ескеріп, дін мамандарын даярлап шығарып отырған «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің» ұжымына алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Read 175 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
«ӘУМИН» ДЕП АЙТУ ҚАТЕ МЕ?

Пенде Алла Тағалаға жалбарынып, дұға еткеннен кейiн «әмин» деп, тiлегi қабыл болуын сұрайды. Бұл амал өз…

ЖАЛҒА АЛҒАН МҮЛІКТІ ЖАЛҒА БЕРУГЕ БОЛА МА?

Жалдау – пайдаланған мүлік үшін ақы беру келісімшарты (Хашияту ибн Абидин, 9/6-7. Әл-Кәсәни. Бәдәи әс-санайғ,…

ЗЕКЕТТІ МЕШІТ ШЫҒЫНДАРЫНА ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

Зекеттің қасиетті Құранда сегіз орынға берілетіндігі жайында былай деп айтылған: «Ақиқатында, (парыз етілген) садақалар (зекет…

ЙОГАМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН ДҰРЫС ПА?

Йога – психологиялық, рухани және физикалық практикаларды қамтитын, ежелгі Үндістанда пайда болған ұғым. Йоганың мақсаты…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…