«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

МҮШӘЙРА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бейсенбі, 02 Қыркүйек 2021 00:00

МҮШӘЙРА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, «Кемеңгер би-Кетбұқа» атты аймақтық ақындар мүшәйрасын жариялаған болатын. 31 тамыз күні, жыр-мүшайрасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

Жыр бәйгесінің басты мақсаты:

- Ел Тәуелсіздігін ұлықтау;

- Дала абызы Кетбұқа бидің даңқын әйгілеу, жастарға үлгі етуге бағытталған.

Белгілі ақындардан құралған қазылар алқасы бәйгеге келіп түскен шығармаларды сараптап, жүлдегерлерді белгіледі. Қазылар алқасының шешімімен

Бас жүлде: Бақытжан Райсова (Өскемен қаласы)

1-орын Дәулетберді Жекей (Өскемен қаласы)

2-орын Оразай Жеңіс (Өскемен қаласы)

3-орын Қызырбек Дүргінбай (Өскемен қаласы), Көгедай Шәмерхан (Күршім ауд)

Ынталандыру сыйлығымен

Әсемгүл Серікбол (Глубокое ауд), Ерік Омарағалиев (Семей қаласы),

Роллан Кеңесхан (Тарбағатай ауд) марапатталады.

Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин кітапханасында өткен марапаттау шарасына ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы, сөз сөйлеп, осы байқаудың ел тарихын таразылауда маңызды ролге ие екендігін айта келе, ақындарға сәттілік тілеп, марапат және ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар бас имам «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының Президенті, дін жанашыры, мецанат Қайрат Мусинге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің «Алғыс хатын» табыс етті.

Шарада ақындар өлеңдерін оқыды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Read 48 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ӘСКЕРИ БОРЫШТАН ҚАШУ КҮНӘ МА?

Ассаламу алейкум! Әскери борышты өтеуден түрлі сылтаумен қашудың үкімі қандай? Жауап Уа алейкум ассалам! Әскери…

МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛІНІҢ КИІМІ ҚАРА ТҮСТІ БОЛУ ШАРТ ПА?

Ассаламу алейкум! Менің сұрағым, қыз-келіншектердің Ислам талаптарына сай киіну үлгісі жайлы. Мәселен, ұзындығы балтырға дейін…

ЕКІНТІДЕН БҰРЫН ОҚЫЛАТЫН СҮННЕТ НАМАЗЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Екінтіден бұрын оқылатын сүннет намазының артықшылығы қандай? Жауап Бес уақыт парыз және бекітілген сүннет намаздарынан…

БЕЙІТКЕ БАРҒАНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА ЖАСАҒАН ЖӨН?

Ассалаумағалейкум! Қабір басына барғанымызда Құран оқитынымыз белгілі. Бұдан бөлек, қандай дұға жасаған дұрыс?  Жауап Уағалейкумассалам!…

ҮЙДЕН ШЫҚҚАНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚЫЛАДЫ?

Ассалаумағалейкум! Үй босағасын түрлі себептермен аттап көшеге шығамыз. Біреу жұмысқа, ал біреу оқуға дегендей. Күніміз…