«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

БІРЕУГЕ ТАПСЫРЫС БЕРІП ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?
Дүйсенбі, 19 Шілде 2021 00:00

БІРЕУГЕ ТАПСЫРЫС БЕРІП ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?

Шариғат бойынша бір адам өзінің атынан басқа бір адамды белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені, адам баласы кейбір жағдайларда бір істі орындауға жарамай қалуы мүмкін. Сонда біреудің көмегіне жүгінеді, яғни, сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді[1].

Бұған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хаким ибн Хизамға (одан Алла разы болсын) құрбандық сатып алуға тапсырыс берген оқиғасы дәлел.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хаким ибн Хизамға бір динар беріп, оны құрбандық малын сатып алуға жібереді. Әлгі сахаба бір динарға құрбандық малын сатып алады. Сосын оны екі динарға сатып жібереді. Сөйтіп, қайтады да, бір динарға құрбандық малын сатып алады. Артық бір динарды Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкеп береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі бір динарды садақа етеді де, сахабаның саудасына береке тілейді[2].

Сондықтан, құрбандықты үйінен шықпай біреу арқылы орындауға  да болады. Яғни, құрбан шалуға ниет еткен адам өзіне бір сенімді адамды уәкіл етіп тағайындайды да оған құрбандықтың ақшасын беріп, малды сатып алуды, бауыздауды, етін бөлшектеп таратуды тапсыра алады. Шариғатта бұл қарым-қатынас «уакалат» деп аталады. Бүгінгі карантин жағдайында көпшіліктің осы тәсілмен құрбан шалуы тиімді әрі қолайлы.

Құрбандыққа тапсырыс беру, оны тіркеу, керекті мәліметтер және хабарламалармен бөлісу онлайн түрінде жүріп жатқаны үшін ол «онлайн-құрбандық» деп те аталуда.

 ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] Һидая, 3/357.

[2] Әбу Дәуіт риуаят еткен.

Read 45 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
«ӘУМИН» ДЕП АЙТУ ҚАТЕ МЕ?

Пенде Алла Тағалаға жалбарынып, дұға еткеннен кейiн «әмин» деп, тiлегi қабыл болуын сұрайды. Бұл амал өз…

ЖАЛҒА АЛҒАН МҮЛІКТІ ЖАЛҒА БЕРУГЕ БОЛА МА?

Жалдау – пайдаланған мүлік үшін ақы беру келісімшарты (Хашияту ибн Абидин, 9/6-7. Әл-Кәсәни. Бәдәи әс-санайғ,…

ЗЕКЕТТІ МЕШІТ ШЫҒЫНДАРЫНА ҚОЛДАНУҒА БОЛА МА?

Зекеттің қасиетті Құранда сегіз орынға берілетіндігі жайында былай деп айтылған: «Ақиқатында, (парыз етілген) садақалар (зекет…

ЙОГАМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН ДҰРЫС ПА?

Йога – психологиялық, рухани және физикалық практикаларды қамтитын, ежелгі Үндістанда пайда болған ұғым. Йоганың мақсаты…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…