«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

ҮЙДЕН ШЫҚҚАНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚЫЛАДЫ?
Бейсенбі, 14 Қазан 2021 00:00

ҮЙДЕН ШЫҚҚАНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚЫЛАДЫ?

Ассалаумағалейкум! Үй босағасын түрлі себептермен аттап көшеге шығамыз. Біреу жұмысқа, ал біреу оқуға дегендей. Күніміз сәтті өту үшін үйден шыққанда қандай дұға оқу қажет? 

Жауап

Уа алейкум ассалам!

Үйден шыққан адамның ойында сан алуан шаруа тұратыны рас. Бір жағынан жұмысы, бір шетінен үйге қажетті азық-түлігі, қала берсе ағайын-туыс пен көрші-қолаңға қатысты шаруасы. Тіршілік қамы деп жүріп зиянға ұшырамау үшін, басқа біреуге залалы тимеу үшін үйден шығар алдында сәл кідіріп, жұмысына және де басқа іс-әрекетіне Жаратушы жар болып, жеңіл де оңай етуін сұрағаны дұрыс. Үмму Салама (р.а.) риуаят етеді:

اللَّهُمَّ أَعُوذُ بِكَ أَنْ أَضِلَّ، أَوْ أُضَلَّ، أَوْ أَزِلَّ، أَوْ أُزَلَّ، أَوْ أَظْلِمَ، أَوْ أُظْلَمَ، أَوْ أَجْهَلَ، أَوْ يُجْهَلَ عَلَيَّ

(Аллаһумма әғузу бикә ән адиллә әу удоллә, әу әзиллә әу узәллә, әу азлимә әу узләмә, әу әжһәлә әу южһәлә ғаләйә).

«Уа, Алла! Сенен адасудан немесе адастырудан, біліп-білмей күнә жасаудан немесе біреудің күнә жасауына себепкер болуда, зұлымдық жасаудан немесе зұлымдық көруден, дөрекілік етуден немесе дөрекілік көруден сақта деп пана сұраймын[1]». Бұл – пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үнемі айтып жүрген дұға.

Әнас бин Малик (р.а.): «Кісі үйінен шығар болса:

بِسْمِ اللَّهِ تَوَكَّلْتُ عَلَى اللَّهِ، لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ. 

(Бисмиллә тәуәккәлту әлә Алла. Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ)

«Алла атымен, Аллаға тәуекел еттім. Күш-құдірет пен шама-шарқы тек Алладан», – деп айтсын. Сонда оған (періште тарапынан): «Тура жол таптың, уайым-қайғың сейілді, дұшпанның зияндығынан қорғалдың», – деп айтылады...[2]»,– деп риуаят етеді.

Осы дұғаларды үнемі оқып жүру адамды пәле-жаладан қорғайды. Сонымен бірге, басқаларға да жамандығымыз тимеуге ықпал етеді.


[1] Әбу Дәуід, Насаи, Ибн Мажаһ
[2] Әбу Дәуід, Тирмизи

Read 51 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…