«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

БЕЙІТКЕ БАРҒАНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА ЖАСАҒАН ЖӨН?
Бейсенбі, 14 Қазан 2021 00:00

БЕЙІТКЕ БАРҒАНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА ЖАСАҒАН ЖӨН?

Ассалаумағалейкум! Қабір басына барғанымызда Құран оқитынымыз белгілі. Бұдан бөлек, қандай дұға жасаған дұрыс? 

Жауап

Уағалейкумассалам!

Қабірді зиярат ету – сүннет. Біз сол арқылы ақыретті еске алуымыз қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандарға ақырет жаңа өмір екенін, өлім жоқтық және жоқ болып кету емес екенін үйреткен. Алла елшісі (с.ғ.с.) бейітке барып, марқұмдарға тіл қатып және дұға жасаушы еді. Әрине, бұл қабірдегілер де өздеріне тән өмір сатысында екенін мұсылман сеніміне негіздеу үшін еді. Ондаq мысалдар көп-ақ. Әбу Һурайра (р.а.) риуаяты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) бейітке барып: «Ассаламу алейкум! Уа, мұсылмандар мекені. Біз де, Алла қаласа, сендердің соңдарыңнан барамыз[1]».

Айша (р.а.) анамыз жеткізеді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) менің үйімде болғанда, түннің соңғы бөлігінде Бақиғ зиратына барып: «Ассаламу алейкум! Уа, мұсылмандар мекені. Ертеңгі күні сендерге уәде етілген нәрсе келеді, сендер оны күтудесіңдер. Біз де, Алла қаласа, сендердің соңдарыңнан барамыз. Уа, Алла Бақиғ Ғарқадтағы (зияраттағы) жандардың күнәсін кеш»,– деуші еді[2]».

Зиратқа барғанда марқұмдарға «Әссаламу алейкум! Әһләд дияр минал муминина уал муслимин. Уә иннә ин шәа Аллаһу ләләхиқун. Әсәлу Аллаһа ләнә уә ләкумул ъафиа[3]», – деп дұға етуге болады.

Мағынасы: «Уа, мүміндер мен мұсылмандар мекені, сендерге Алланың сәлемі болғай. Аллап қаласа, сендергің арттарыңнан біз де барамыз. Өзімізге және сендерге Алладан амандық сұраймын».

Бірде Айша (р.а.) анамыз Пайғамбардан (с.ғ.с.): «Марқұмдарға не айтамын? – деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с.) «Мүміндер мен мұсылмандар мекені сендерге Алланың сәлемі болсын. Алла Тағала әуел өткен және кейін келетін (марқұмдарды) рақым етсін. Алла қаласа, біз де сендерге барып қосыламыз»  деп айт», – деген екен[4].

Жоғарыда келтірілген хадистерден аңғарғанымыздай, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дұғасында марқұмдарға үн қатып, оларға жақсылық тілеген. Демек, мұсылман баласы зиратқа барып, өзінен алдын өткен діндес бауырларына дұға жасағаны абзал.


[1] Муслим
[2] Муслим
[3] Муслим
[4] Муслим

Read 40 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…