«Уа, иман еткендер! Аллаһтан лайықты түрде қорқыңдар» Әли Имран» сүресі, 102-аят | Намаз уақыттарын жүктеп алу

ӘСКЕРИ БОРЫШТАН ҚАШУ КҮНӘ МА?
Сенбі, 16 Қазан 2021 00:00

ӘСКЕРИ БОРЫШТАН ҚАШУ КҮНӘ МА?

Ассаламу алейкум! Әскери борышты өтеуден түрлі сылтаумен қашудың үкімі қандай?

Жауап

Уа алейкум ассалам!

Әскери қызметті өтеуден жалтару – харам іс. Өйткені, кез келген қоғамның ең негізгі тіректерінің бірі – қауіпсіздік. Сол себепті, мемлекет басшысы халқының ар-намысын, жанын және мал-дүниесін сыртқы жаудан қорғауға міндетті. Осы аса жауапты міндетті атқару үшін басшыға арнайы әскер құру қажет. Әрине, әскери қызметте қауіп-қатер қатар жүреді. Алайда, мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігі бұлардан биік тұратын мүдде. Елді және жерді жаудан қорғау – барлық шығыннан да жоғары тұратын мақсат. Құран Кәрімде: «Сендерге жағымсыз болса да соғыс парыз етілді. Сендер бір нәрсені ұнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін...[1]», – деп әмір етілген.

Сырттан жаудың қаупі төнбесе де, мемлекет өз қорғаныс әлеуетін күшейтіп және үнемі төтенше жағдайға сақадай сай тұру үшін де әскер қажет. Сондықтан, әскери борышты өтеу – әр азаматтың парызы. Құран Кәрімде: «Оларға қарсы шамаларың келгенше күш-қуат және атты әскер әзірлеңдер, онымен Алланың жауын және өз жауларыңды әрі өзгелерді де сескендіру үшін...[2]», – деген әмір бар.

Сонымен қатар, мемлекет шекарасын бұзушылардан қорғап, күзету де азаматтық борыш. Бұл – соғыс майданында жаумен бетпе-бет келген тең парыз іс. Ибн Аббас (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Екі көз (иесіне) тозақ оты тимейді: Алла Тағаладан қорқып жылаған көзді және Алла жолында шекара қорғап түн өткізген көзді[3]», – деп айтылған.

Түйіндей айтқанда, әскери борышты өтеу – парыз. Ал, бұл азаматтық парыздан жалтару – күнә.


[1] Бақара сүресі, 216-аят
[2] Әнфал сүресі, 60-аят
[3] Тирмизи

Read 42 times
Сұрақ-жауаптар
Сұрақ-жауаптар
ИПОТЕКАҒА ҮЙ АЛУҒА БОЛА МА?

Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие…

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЫЗЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Қарызы бар адам тірі кезінде одан құтылуға әрекет етуі керек. Өйткені, қарызы бар адамның дүниеден…

ОНЛАЙН НЕКЕ ҚИЮ ДҰРЫС ПА?

Бүгінде қоғамдық тұрмыста телефон немесе интернет байланыс арқылы ер мен әйелдің неке қию деректері жиі…

БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ерлі-зайыпты ажырасқаннан кейін баланы ең алдымен қамқорлығына алуға және тәрбиелеуге өз анасы құқылы. Абдулла ибн…

АЖЫРАСҚАН ӘЙЕЛДІҢ КҮТУ МЕРЗІМІ ҚАНША?

Шариғат бойынша әйел адамның күйеуі қайтыс болғаннан соң немесе ажырасқаннан кейін белгілі уақыт күтуі міндетті.…